Былтыр елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5,1 пайызға өсті
Есепті деректерге сәйкес өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2023 жылы 105,1%. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,2%, қызметтердікі – 56,4% құрайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ең жоғары өсімді көлік және қойма – 117%, құрылыс – 115,1%, ақпарат және байланыс – 108,5% салалары көрсетті.
ЖІӨ-нің нақты көлем индексіне көтерме және бөлшек сауда салалары, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 1,32%, өнеркәсіп – 1,27%, құрылыс – 0,8%, Көлік және қоймалау-0,8% салаларының салымы жоғары болды.