Алматыда инженерлік-технологиялық хаб ашылды
Алматыда алғаш рет инженерлік-технологиялық хаб ашылды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Хаб жұмысы тау-кен, инженерия, геология, ауыл шаруашылығы, IT салаларын тереңдетуге бағытталады. Бұл өндірісті ғылыммен ұштастыруға сеп. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Сала басшысы бүгін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы ашылған орталықтардың бағыт-бағдарымен танысты. «Қазір елімізде инженерия, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, машина жасау, материалдарды зерттеу салаларын дамытуымыз тиіс. Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарын үлкен академиялық хаб ретінде әлемге танытып, халықаралық зерттеуші алаңға айналдыруымыз керек» деген ұсыныс айтты.