Қазақстанда мобильді аударым арқылы төлем жасауға тыйым салынбақ

1 250

Қаржы министрі сауда кезінде мобильді аударым жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кейбір сауда нүктелерінде сатып алушылар POS терминалын беруден бас тартады. Кәсіпкерлер құрылғы жұмыс істемейтінін айтып, ұялы нөмірге ақша жіберуді сұрайды.


Салық кодексі бойынша Қазақстандағы барлық ақшалай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс, бұған қолма-қол ақша немесе банк картасымен төлеу жатады. Банктің қосымшасындағы QR-код бойынша мобильді төлем жасауға рұқсат етіледі.


"Бақылау-касса машинасын қолданбағаны үшін айыппұлдар қарастырылған. "Азаматтық бақылау" акциясы бар, оның аясында кез келген салық төлеуші оның POS-терминалмен төлем қабылдамағаны фактісін бейнежазбаға түсіре алады және осы деректер бойынша біз алдағы уақытта да шаралар қабылдаймыз", – деді Қаржы министрлігі МКК Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Данат Кезембаев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.