Министр Аймағамбетов ұлын мектепке киіндіру үшін 35 мың теңге кеткенін айтты

416

Фото: Оқу-ағарту министрі баспасөзіОқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге және қайдан алғанын айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің әзірге бір баласы ғана мектепке барады. 

“Ұлымды осы демалыста киіндіріп, мектепке дайындадым. Бірнеше ақ жейде, костюм, шалбар, галстук алдық. Жалпы алғанда 35 мың теңге кетті.  киімдерді “Glassman” сауда үйінен таптық. Елмен бірге кезекте тұрып, барлық отбасылар секілді мектепке дайындалып жатырмыз”, – дейді министр.


Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қатысты шешім қабылдағанын да айтты. 

“Биыл ата-аналар жылдар бойы көтерген мәселенің шешімін таптық. Бұрын оқушыларға жеңі салбырап тұратын, өзіне шақ келмейтін формалар берілетін. Енді формаға кететін қаражатты ата-ананың жеке шотына аударамыз. Биыл қаражаттың ең төменгі деңгейі 37 мың болып бекітілді. Бұл 475 мың баланың мәселесін шешуге көмектеседі”, – дейді Аймағамбетов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.