Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңгеге жуық қаражат бөлмек

722
Биыл ауыл халқының кірісін арттыру жобасына 52,4 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Бұл туралы Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы ауыл халқының кірісін арттыру ілкі жобасын масштабтау жүргізіліп жатыр. Жоба сенімді агенттер арқылы 7 жылға дейінгі ең жоғары мерзіммен, 2,5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемемен шағын несие беруді көздейді. Ауыл халқы кірісін арттыру жобасын масштабтауды жүзеге асыру үшін 2023 жылға 11 мың шағын несие беру жоспарымен 52,4 млрд теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған, - деді Әлихан Смайылов жауабында.


Оның атап өтуінше, аталған іс-шараға алдағы уақытта 1 трлн теңгеге дейін қаражат бөлу көзделіп отыр. Ол үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың басым бөлігі кооператив кәсіпкерлігіне жұмылдырылады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингпен алу үшін жеңілдікпен шарттар, шағын несиелер ұсынылады. Сонымен қатар олар ірі қалалардағы базарларда өнімдерін сатуға мүмкіндік алады.


Бұл ауыл шаруашылығында шамамен 350 мың сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі зәкірлік жобаларды жеңілдікпен қаржыландру тәжірибесін көбету жұмысы да жүргізіліп жатыр. Олар шаммен 291 жоба. Қаражатты құс еті, сүт өндірісіне қатысты инвестициялық жобаларды, сонымен қатар суару, көкөніс өсіру жне оларды сақтау үшін инфрақұрылым салу инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағыттау жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен ауыл халқының кірісін арттыруға мүмкіндік берді, - деді Үкімет басшысы.