Ұлттық Банк базалық ставканы төмендетті

2 586

Фото: Виктор ФедюнинБиылғы ақпан айында жылдық инфляция 9,3% дейін баяулады және Ұлттық банк базалық ставканы 14,75% дейін төмендетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2024 жылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3% дейін баяулады. Инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық Банк ақпанда базалық ставканы 14,75% дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендетті», - деді Т. Сүлейменов Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Сонымен бірге, спикер жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын атап өтті. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өскен.


«Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі. Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның айлық қарқынының динамикасы алдағы уақытта шешім қабылдауда базалық ставканың сол деңгейде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Деректерді жинау, экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет», - деді Ұлттық банк төрағасы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.