Зейнетақы жинағын пайдалану толықтай тоқтатылуы мүмкін

2 507

Фото: BAQ.KZ коллажыОсы күнге дейін кей қазақстандықтар зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асқан қаражатты емделуге немесе баспана алуға пайдаланып келді. Алайда алдағы уақытта бұл мүмкіндік едәуір шектелмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Таяуда БЖЗҚ қаражатын медициналық мақсатта пайдалану толық тоқтатылды. «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл шектеу 6 айға енгізіліп, осы аралықта жүйе жан-жақты сарапталады.

Бұған дейін стоматологиялық қызметтерге қатысты көптеген заңбұзушылықтар анықталып, 2024 жылдан бастап тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылған. 2021–2025 жылдары стоматология бағытына 757 млрд теңге аударылып, соның едәуір бөлігі санаулы клиникаларға түскені күмән тудырған.

Тіс емдеуге тыйым салынған соң радиохирургияға өтініш күрт артқан. Бұл да жүйеде бақылаудың әлсіз болғанын көрсетті.

Сонымен қатар, енді зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканың тек негізгі қарызын ғана өтеуге рұқсат етіледі, ал пайызын азаматтар өздері төлеуі тиіс. Бұған қоса, 30 қаңтар мен 2 наурыз аралығында ипотеканы өтеуге өтініш қабылдау тоқтатылды.

Сарапшылардың пікірінше, дамыған елдерде зейнетақы қаржысын пайдалану қатаң бақылаумен жүзеге асады. Қазақстанда да осындай сараланған әрі қатаң жүйе қажет. Себебі зейнетақы — бүгіннің емес, ертеңнің қамы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.