Үкімет жер қойнауын зерттеуге 240 млрд теңге бөлмек

2 511

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіҚазақстан Үкіметі биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне анағұрлым ауқымды дәрежеде кірісіп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, кеңес заманында жасалған картаның бұрынғы масштабы 1:200.000 болды.

"Таяудағы үш жылда жоғарыда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен $500 млн бағыттау жоспарланып отыр, жалпы соңғы 15 жылда $469 млн салынды.", — делінген хабарламада.


Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді.