Жыл сайын еліміз тұтыну тауарларының импортына $21 млрд жұмсайды

1 616

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев еліміз жыл сайын тұтыну тауарларының импортына 21 млрд доллар жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Шағым болса, тексеру міндетті түрде болады. Сондықтан барзарларға барып, тексерумен мазасын алып, қорқыту деген міндет алдымызда тұрған жоқ. Алдымыздағы міндет көп жылға бағытталған. Нарық толық «қаруланып» болғанша жаңғырту жүргізуге 10 жыл уақыт берілген», - деді бірінші вице-министр.


Сондай-ақ, ол базарларға қойылатын талап туралы айтты.

«Халық базарға барғанда батпақты көшеге тап болмауы керек. Жабық ғимарат болғаны керек. Оған қоса тұтынушылар шекті үстеме баға туралы заңнамаға сәйкес бағада тауар сатып алуы керек. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті үстеме бағасы – 15%. Бізде түрлі деректер бар. Сарапшылардың бағалауынша, тұтыну тауарларына жыл сайын 21 млрд доллар жұмсалады», - деді Арман Шаққалиев.