Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы біршама өсті

1 233

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.



Ұлттық бюро таратқан мәліметтерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіретіні айтылған. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.


ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 10 мамыр/:


Айран 2,5% – 407 тг/л

Қырыққабат – 141 тг/кг

Күріш – 411 тг/кг

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.