Ұлттық банк мамырда Ұлттық қордан 988 млн доллар сатқан
Ұлттық банк мамырда Ұлттық қордан 988 млн доллар сатқан. Бұл сәуір айының көрсеткішінен 20 млн доллар көп,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
– Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ын немесе күніне шамамен 52 млн АҚШ долларын құрады, - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.
Ал маусым айында Ұлттық қордан тағы 800 млн доллар сатылуы мүмкін. Үкімет Ұлттық банкке республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 700-800 млн доллар көлемінде валюта сату туралы өтінім берген.
Еске салсақ, бір ай бұрын Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуы мүмкін екенін жазған едік.