Ұлттық банк мамырда Ұлттық қордан 988 млн доллар сатқан

1 275

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pexels.comҰлттық банк мамырда Ұлттық қордан  988 млн доллар сатқан. Бұл сәуір айының көрсеткішінен 20 млн доллар көп,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

– Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ын немесе күніне шамамен 52 млн АҚШ долларын құрады, - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Ал маусым айында Ұлттық қордан тағы 800 млн доллар сатылуы мүмкін. Үкімет Ұлттық банкке республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 700-800 млн доллар көлемінде валюта сату туралы өтінім берген. 

"Ұлттық Банк БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 40% деңгейінде ұстап тұру үшін мамырда биржадан жалпы сомасы 250 млн доллар сатып алды. Осы мақсатта маусым айында валюта сатып алу көлемі 250 млн доллардан аспайды", - деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Еске салсақ, бір ай бұрын Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуы мүмкін екенін жазған едік.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.