Мұқтаж жандарға газ бағасы 20% арзан болады
280
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар көгілдір отын ақысын арзандатылған тариф бойынша төлейді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
«1 шілдеден бастап «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылар елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігіне ие болады.
Жеңілдетілген газ бағасын алу үшін тұтынушы Egov.kz порталында АӘК және тұрғын үй көмегін алушы мәртебесін тексеруі қажет», - деді ведомство.
Пилоттық жоба Тараз және Орал қалаларында іске қосылмақ.
Қаз
Рус






