Сыр елінде «Ақылды ферма» жобасы жасалмақ

544
Қызылорда облысында "Ақылды ферма" жобасы жүзеге асырылмақ- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі

Президент Жолдауындағы ауыл шаруашылығын цифрландыру бағытының басым элементтері Шиелі ауданының Ақмая ауылында . Мұндағы шаруа қожалығының егістігіне агрохимиялық  арнайы зерттеу жүргізіледі. Бұл өсімдіктің егу мерзімін, сұрпын, топырақ құрамын, тыңайтқыштарды уақытылы пайдаланып, будандастыру кезеңдерін  басқаруға мүмкіндік береді. 41 Еңбек ері шыққан ауыл егістігінде қазір сенсорлы технологиялы шетелдік комбайндар жүр. Алып техниканың ішінде отырып, бұл алқапқа қанша тұқым мен тыңайтқыш себілгендігін, су мөлшері және шамамен жиналатын өнім көлемі жайлы ақпараттар алуға болады. Тракторлар мен комбайндарды «Ақылды ферма» арқылы басқарылады. Цифрландыру бағдарламасын енгізу арқылы әр гектардан 75 центнер өнім алуға болатынын түсінген өзге де шаруашылықтар спутниктік станция орнатылған техника әкеліп жатыр.