Ақмола облысы жұмыртқа өндірісінен елде көш бастап тұр
Ақмола облысы құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша үздік орнын сақтап келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Астықты аймақта жыл сайын 125 мың тонна құс еті өндіріліп отыр. Республикадағы жалпы көрсеткіштін 30%-і аталған өңірге тиесілі. Мемлекет шарапатын көрген шаруалар биыл да межелі міндетті ойдағыдай орындап, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті. Ақмола облысы жұмыртқа өндірісі бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл өнімнің үлесі астықты аймақта жылына 620 млн данаға жетеді. Ең ірі өндіруші кәсіпорынның бірі кеңестік кезеңнен бері жұмыс істеп келеді. Құс фабрикасы жылына 306 млн дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы. 2024 жылы 23 009 мың данасын шығарыпты. Дайын өнімді көрші мемлекеттер мен отандық нарыққа жіберіп отыр.