Қызылордада жеңілдетілген несие алуда жастар белсенділік танытуда

192

Қызылордада жеңілдетілген несие алуда жастар белсенділік танытуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 миллионға дейін шағын несие беру бойынша өтінімдерді қарау мақсатында конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бұл бастамаға өңір жастарының белсенділігі жоғары. Мәселен, өткен жиында 7 жоба мақұлданса, кешегі отырыста комиссия мүшелері құны 134,1 млн. теңгені құрайтын 29 жобаны қараған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінде жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгенін айтқан болатын.

«Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды. Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде аймақта кәсіп ашамын, әрі қарай кәсібімді дамытамын деген жастарға қолдау көрсетілуде. Мемлекеттен 2,5 пайызбен берілетін шағын несиеге ұсынылған жобалардың басым көпшілігі экономика саласына қатысты. Яғни, құны 39 млн. теңгенің 9 жобасы жылқы шаруашылығы, 25,1 млн. теңгенің 6 жобасы ірі қара малға, 14,5 млн. теңгенің 3 жобасы түйе шаруашылығына және 19,5 млн. теңгенің 3 жобасы  жүк автокөлігін алуға, құны 36,3 млн. теңгенің 8 жобасы қызмет көрсетуге бағытталған.

Жалпы барлық үміткерлердің жасы 35 жастан аспаған, кепілдікпен қамтамасыз етілген болуы керек.

Негізгі шарттары:

- 18 ден 35 арасындағы жастар қатыса алады. (35 жас кірмейді). ИП немесе ТОО секілді заңды тұлға атынан өтінім бересіз.

 - ИП-ның тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек!

- 2.5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріледі.

 

Мал шаруашылығы үшін 7 жылға, ал басқа да кәсіптерге 5 жылға дейін. Несие берілетін уақыттың үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдік қарастырылған. Ол дегеніміз 5 жылға алсаңыз 1.5 жылдан астам уақыттан кейін;ал 7 жылға алсаңыз 2 жылдан астам уақыттан кейін несиені қайтарып бастайсыз деген сөз.

 

Кепілдік болуы міндетті. Кепілге жылжымайтын мүлік немесе көлік, арнайы техникалар қоя аласыз. Өз туыстарыңыз сенім білдірсе олардың атындағы мүлікті кепілге бере аласыз.

Қазірде

Ақмола

Ақтөбе

Жетісу

Абай

Жамбыл

БҚО

Қарағанды

Ұлытау

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Түркістан

Астана қаласында өтінімдерді қабылдау басталды.

Өтінімдерді өзіңіздің өңірдегі Агрокредит аграрлық несие корпорациясының филиалдарына барып бересіздер.

Қажетті құжаттар тізімі:

- жеке басын куәландыратын құжат;

- жоба бойынша бизнес-жоспар;

- шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;

- кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);

- қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;

- кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;

- кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Наурыз айынан бастап 21-35 жас аралығындағы азаматтарға 2,5 пайызбен жеілдетілген несие беруге өтінім қабылданып жатыр. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін берілетін несиеге өтінімді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның әр өңірдегі филиалдары қабылдайды. 

Министрлік өкілінің айтуынша, несиені алу шарттары мынадай:

    Несие алуға өтінім берушінің жасы 21-35 жас аралығында болуы тиіс;

    Кепілзат (жылжитын/жылжымайтын мүлік);

    Бизнес жоспар;

Бұдан бөлек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ресми сайтында басқа да құжаттар тізбесі көрсетілген.

Биыл аталған бағдарлама бойынша 5,8 мың адамға несие беру жоспарланған. Осы мақсатта бюджеттен 29 млрд теңге бөлінді. 2023-2024 жылдары жыл сайын қаржыландыру көлемі 30 млрд теңге болмақ.

Несиенің максималды мөлшері 5 млн теңге. Қарыз 5 жылға, ауыл шаруашылығындағы бизнеске 7 жылға дейін беріледі.

Сонымен қатар, несиені төлеу бойынша, несие мерзімінің алғашқы үштен бірінде каникул беріледі. Бұл бизнестің аяққа көтеріліп, айналымға шығып кетуі үшін қарастырылған.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бағдардамаға 21-35 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де өз бизнесін дамыту үшін осы бағдарламаға қатыса алады.