Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады

392

фото: NUR.KZ/Петр КарандашовСенат депутаттары палатаның жалпы отырысында елімізде айыппұлдың жаңа түрлерін енгізуді қарастыратын әкімшілік кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Құжат қол қою үшін президентке жіберіледі.
Депутат Владимир Волковтың сөзінше, заң жобасының басты міндеті - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру. 


Түзетулерге сәйкес заңсыз тексерулер мен бақылаудың басқа түрлерін жүргізгені, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін ұзартылады.


 Сондай-ақ жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың қызметкерге қатысты жалақы, жұмыс уақыты мен демалысы бойынша кемсітушілікке жол бермеу жауапкершілігі енгізіледі.
 Құжат алау жағатын және стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезіндегі дискриминациялық әдісті жояды. Одан бөлек, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдар күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіргені үшін жауапкершілік белгіленген. 
Заң жобасы аясында прокурорлар мен учаскелік инспекторлардың позиция да күшейеді. Атап айтқанда, прокурордың бұйырығын орындамағыны үшін жауапкершілік белгіленген. Құжат прокурордың бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша соттың құзыретін нақтылайды және де осы санаттағы істерді қозғауға қатысты прокурордың құзыретін нақтылайды.


 "Заң жобасынан күтілетін нәтиже - азаматтардың, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жалпы алғанда, заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды", - дейді сенатор.