Жылу беру жүйесін жасанды интеллект қадағалайды

1 537

Видеодан кадр: 24.kzШығыс Қазақстан облысында жылу электр орталықтары мен қазандықтардың жұмысын жасанды интеллект қадағалайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, өңірдегі жылу нысандарына қысым, температура және отын шығынын онлайн тіркейтін датчиктер мен диспетчерлік жүйелер орнатылып жатыр. Біразы қазірдің өзінде "ақылды жүйеге" қосылды. Бұл апаттың алдын алуға мүмкіндік береді - дейді мамандар.

Өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Көпқабатты үйлер 95 пайызға, ал әлеуметтік нысандар толық дайын. Қазандықтарда жұмыс жалғасқанымен жылуды уақытылы қосуға еш кедергі жоқ, дейді мамандар.

Телеарна мәліметінше, Өскемен ЖЭО-да биыл екі қазандық күрделі жөндеуден өтті. Тағы үшеуінде орташа және ағымдағы жөндеу жасалған. Бұл жұмыстарға 17,5 млрд теңге бөлінді.

"Іске асырылған нөмір бірінші ашық тарату қондырғысын реконструкциялау, 2021-2025 жылы аралығында іске асырылған бу құбырларын ауыстыру жобасы. Мердігер ұйымдар тәулік бойы жұмыс істеуде. Станция мамандары барлық жұмыстарды бақылауда ұстап, жылыту маусымын уақытында бастауға дайындалып жатыр. Жылыту нысандарының жұмысын облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бақылап отыр. Өңірдегі барлық ЖЭО мен сегіз қазандық "ақылды жүйеге" қосылған. Қалғандары жақында қамтылады", - дейді Өскемен ЖЭО директорының орынбасары Жандос Тұраров.

Алдағы жылыту маусымынан бастап облыстағы ЖЭО мен қазандықтардың жұмысын жасанды интеллект бақылайды. Барлығы 25 жылыту нысаны "ақылды" жүйеге қосылады.

"Жүйенің бірнеше режимі бар. Біріншісі – төтенше жағдай режимі. Егер температура күрт төмендесе, бағдарлама автоматты түрде хабар береді. Әрі қарай дереу шара қолдану басталады", - дейді бағдарламаны әзірлеуші компанияның директоры Дмитрий Левитанус.