Нан бағасы 20%-ға қымбаттады

530

Биыл Қазақстанда нан бағасының өсімі 19,4%-ды құрады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



EnergyProm компаниясының зерттеуінше, нан өндірісінің төрттен біріне жуық бөлігі – 81,7 мың тоннасы Түркістан облысына тиесілі болған. Одан кейін Алматы қаласы (36,6 мың тонна) және Ақтөбе облысы (33,8 мың тонна) тұр.


Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.
Жалпы, елімізде бір жылда нан өндірісінің көлемі 3 пайызға төмендеген.


Нан бағасы бір жылда 19,4 пайызға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғарғы сортты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының бағасы 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы 28,1%-ға өсті, - дейді сарапшылар.


Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.
Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.


Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған, - дейді зерттеушілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.