Құрғақ сүт өндірісі 25,4%-ға төмендеді

2 528

Фото: t.me/KzgovernmetМәжілісте мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен экспорттауды дамыту мәселелері туралы Үкімет сағаты өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, Үкіметке бекітуге ұсынылған.


"Бұл жоспар өңдеуді қолдауды және нарықты ашуды, Қазақстанның өндірушілерін қорғау шараларын пайдалануды көздейді. 100 млрд теңге сомасында 65 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беру жоспарланған, бұл жылына 372 мың тонна сүт өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы шаралар ауыл шаруашылығы саласында бұрын-соңды болмаған және әрі қарай жалғасады", – деді министр.


Жыл сайын шамамен 6,5 миллион тонна сүт өндіріледі, бірақ оның тек 2,1 миллион тоннасы 180 кәсіпорында өңделеді.


Енді тауарлық-сүт фермаларын, суландыруды, көкөніс қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар, тағы 8 бағыт, оның ішінде ауыл шаруашылығын қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар да қаржыландырылатын болады, – деді ауыл шарауашылығы министрі Айдарбек Сапаров.


Сондай-ақ министр құрғақ сүт өндірісі 25,4%-ға (7,4-тен 5,5 мың тоннаға), ет консервілері өндірісі 3,9%-ға (6,4-тен 6,0 мың тоннаға дейін) төмендегенін айтты.