Елімізде онлайн-микронесиеге тыйым салынуы мүмкін
413
Қазақстанда онлайн-микронесие мәселесін реттеудің жолдары қарастырылуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн-несие мәселесі жайлы lsm.kz сараптамалық сайтында жазылған. Дерекке сүйенсек, Қазақстан бірқатар мемлекеттегі онлайн-микрокредиттерді реттеу бойынша тәжірибені зерттеп жатыр.
Қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігінің жауабында бұл жұмыстар былай түсіндірілген. Яғни халықаралық нарықта мұндай несиеге қойылатын негізгі талап — сыйақы мөлшерлемесі мен шекті төлем сомасына төмендетілген мөлшерде белгіленген шектеулер қойылады. Мысалы, Канада, АҚШ және Ұлыбританияда қарыз мерзімін, сыйақының шекті тәуліктік немесе номиналды мөлшерлемесін және артық төлем мөлшерін, кешіктірілгені үшін белгіленген айыппұлды және ұзартулардың рұқсат етілген санын анықтау шарттары қолданылады. Тіпті жекелеген мемлекеттерде тиімді сыйақы мөлшерлемесі немесе кепілсіз онлайн-микрокредиттер беруге толық тыйым салу бойынша шектеу бар.
"Қазфинтех" қауымдастығының директоры Анатолий Глухов та бұл тәжірибенің аясында қабылданатын шаралар жеткілікті деген пікірде. Бірақ ол егер осы қатаңдату талаптары тиісті нәтижеге әкелмесе, реттеуші агенттік онлайн-микрокредиттерге толық тыйым салу туралы мәселені қарау алатынын жоққа шығармады.
Жалпы, елімізде 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1019 компания микроқаржыландыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алған. Оның ішінде 237-сі микрокредит берумен айналысады. Ұлттық банктің дерегі бойынша, 9 айда сол қаржы ұйымдарының портфелі 204,3 миллиард теңгеден 947,6 миллиард теңгеге ұлғайыпты.
Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін елімізде кепілсіз несиеге байланысты өзгерістер енгізілгенін жазған еді. Онда сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға, микрокредит 45 күннен асатын мерзімге ұзартылған жағдайда, күнделікті мөлшерлеменің шекті мөлшері күніне 0,35 пайыздан кем мөлшерге дейін төмендетілетіні айтылған.