Арнаулы салық режиміндегі өзгерістер
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген жаңа Салық кодексіне арнаулы салық режимі бойынша енгізілген түзетулер бойынша түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Кaz.inform сайтына сілтеме жасап.
Жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде арнаулы салық режимдерін (АСР) оңтайландыру жүргізілді.
Осы АСР қызметін платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асырып, арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып патент негізінде АСР қолданатын адамдар (Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар), оның ішінде мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде басқа да адамдар қолдануға құқылы:
— жеке кәсіпкерлер емес;
— қызметте жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;
— Үкімет қаулысымен осы режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады;
— бір айда табысы АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын (2026 жылы 1,3 млн теңге).
Оның айтуынша, осы санаттағылар салық есептілігін ұсынудан босатылды. Олар үшін міндеттемелерді орындауды оңайлатуы бағытында арнайы мобильді қосымшаны қолдану көзделген.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа Салық кодексінде салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және салық жүктемесін азайту мақсатында оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қарастырылған. Бұл режимді келесі шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
1) жылдық табысы 600 мың еселенген АЕК-тен аспайтын (2026 жылы 2,5 млрд теңге);
2) режимді қолдануға тыйым салынатын тізбеше енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратындар (Үкімет қаулысымен айқындалады).
Оның айтуынша, режимді қолданудың тартымды жағдайларын жасау үшін ҚҚС-тан және әлеуметтік салықты төлеуден босату түріндегі жеңілдік бар. Сонымен қатар, жылына 135 мың еселенген АЕК-ке (550 млн теңге) дейінгі табысы бар жеке кәсіпкерлік бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылған. Міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында жылына 2 рет жеңілдетілген декларацияны тапсыру талабы ескерілген.
Фермерлерге арналған қолданыстағы АСР тәртібі
Бұл ретте ЖТС-тің төмен мөлшерлемесі — жалпы кірістен 0,5%. Ал салық декларациясы жылына бір рет тапсырылады.
Режимнің артықшылығы аясында мынадай салықтар мен төлемдерді төлеуден босату қарастырылған:
— ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жер учаскесін бойынша жер салығы немесе төлемақы;
— ауыл шаруашылығында пайдаланылатын көлік құралдарына салынатын салық;
— мүлікке салынатын салық;
— ҚҚС;
— әлеуметтік салық;
— қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем.