Ішкі қаржы нарығында тұрақсыздық болмау қажет
561
ҚР Ұлттық банкі: 31 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 1 доллардың құны 467,03 теңге болды. Яғни, наурыз айының басынан бері ұлттық валюта 5,7% нығайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін 890,9 млн доллар сатылған.
Ұлттық банк сарапшыларының пайымынша, әлемдегі геосаяси жағдай теңге бағамына қысқа мерізідік сипатта әсер етеді.
«Әлемдегі қаржылық нарықтар наурыз айында геосаяси ахуалдың ушыға түсуіне байланысты құбылмалы күйде болды. Сыртқы қысымдардың ел экономикасына ықпалын азайту үшін және ішкі валюта нарығында теңгерім сақтау үшін наурыз айының ортасында Ұлттық банк бірнеше рет валюта интернвенциясын жасады. Ай соңындағы қорытынды бойынша интервецниялардың көлемі 990,5 млн АҚШ долларына тең болған. Басқаша айтсақ, биржадағы сауда-саттықтың 29%-ы интервенциялық шараларға тиесілі», - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.
Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін 890,9 млн доллар сатылған.
«Ұлттық банктен жасалған интервенциялар мен Ұлттық қордан валюта сату үлесі биржадағы жалпы-сауда саттықтың 55% пайызына тең болды. Ұлттық банк БЖЗҚ және өзге де сенімгерлік басқарудағы қорлардың активтеріне шетел валютасын сату және сатып алу операцияларын жүргізген жоқ. Геосаяси шиеленіс қатты ширыққан 15 наурызда 1 АҚШ долларының құны 512,17 теңге болды. Бірақ, кейін ұлттық валюта қайта нығая бастады. 31 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 1 доллардың құны 467,03 теңге болды. Яғни, наурыз айының басынан бері ол 5,7% нығайған. Теңге халықаралық қаржы нарығындағы түзетулер мен салық төлемдері түсетін кездің дөп келуі аясында нығайып отыр», - деп жазады Ұлттық банк мамандары.
Ұлттық банк сарапшыларының пайымынша, әлемдегі геосаяси жағдай теңге бағамына қысқа мерізідік сипатта әсер етеді.
«Соның өзінде Ұлттық банк толыққанды инфляциялық таргеттеуге көше беретінін атап өтеміз. Ол үшін экономикада жеңілдетілген мемлекеттік несиелендіру, айырбас бағамын еркін айналымға жіберу сияқты құрылымдық өзгерістер қажет. Ұлттық банктің қолында жағымсыз сценарилер орындалған жағдайда ішкі қаржы нарығында тұрақсыздық болдырмауға қажет құралдардың бәрі бар және ахуалды бақылап отыр», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.