Жыл басынан бері еліміздің экономикасы 4,4% өсті
630
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының бірқатар салаларында өсім байқалғанын жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған.
Инвестициялар білім беруде – 87%-ке, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 74,1%-ке, құрылыс саласында – 61,9%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 53,7%-ке өскен. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалуда.
«Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда», - деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған.
«Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ті құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7%-ті құрады», - деді ол.