Қазақстанда қант тапшылығы жоқ– Ауыл шаруашылығы министрлігі

712

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың жеткілікті екенін айтып, тек тұрақтандыру қорынан сұраныстың жоғары екендігін жеткізді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.


Министрлік алыпсатарлардан сақтану үшін қанттың қарапайым тұрғындарға шектеулі мөлшерде саудаланып жатқанын түсіндірді. Сонымен қатар, нарықтық бағамен қант барлық сауда орындарында еркін, қол жетімді екенін айтты.

Ведомство отандық қант зауыттарында тәтті құм өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Маусым айында олар 38 мың тонна өнім өндірген. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, республикадағы қант қоры 26 мың тоннадан асады.

“Азық-түлік корпорациясы ішкі нарыққа қант жеткізуді жүзеге асырады. Өңірлерге қант жеткізуді жедел ұйымдастыру мақсатында министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен ақ қанттың, шикі құрақ қантының жүктерін кедергісіз өткізуді жүзеге асырады”,- деді министрліктің баспасөз хатшысы Дамир Егізбев.  
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.