Сарапшы: Қазақстанда азық-түлік 50 пайызға қымбаттайды
Қазақстанда азық-түлік тағы 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, импортқа тәуелді кез келген ел сияқты, республика да тұрақсыз логистикадан зардап шегуі мүмкін, әсіресе, қазіргі геосаяси жағдайда. Кейбір мемлекеттер тауарлардың экспортын шектесе, басқалары уәде етілген көлемдегі өнімді алмайды. Сарапшы бұған қарамастан Қазақстан халқына аштық қауіп төндірмейді дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала әлемдік азық-түлік бағасының өсуіне экспорттық шектеулер себеп болғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, елдер экспорт шарттарын қайта қарауы керек. Сондай-ақ ол Украинадан астық экспорттау мәселесі шешілетініне сенім білдірді.
Бұған дейін Батыс елдері Ресейді Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге тосқауыл қойып отыр деп айыптап, бұл әлемде ашаршылыққа әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Ресей билігі бұл айыптауларды жоққа шығарады.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





