Биыл көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд бөлінеді

2 679

Фото: gov.kzБиыл көктемгі егіс жұмыстарына қарсы шаруаларға бөлінетін қаржы 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жайында сала басшылығы министрліктің алқа отырысында баяндады. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы қожалықтарына жеңілдетілген 5 пайыздық мөлшерлемемен техника беруге 200 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Дала жұмыстарында тыңайтқышларды қолдану көлемі де ұлғайтылады. Оның 60 пайызы субсидияланады. Шаруаларды қаржыландыру көздері де кеңейтілді. Бұрын тек аграрлық-несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер секілді қаржы институттарының несиесі қолжетімді болса, енді жергілікті жерлердегі Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары атсалысады. 

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі: - Айта кететін бір мәселе өздеріңіз білетіндей шаруа қожалықтарының кепілідктері жоқ. Облыс әкімдіктерінен алынған алдын ала мәліметке сай, биыл егістік алқабы 23,8 млн гектарға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғы көлемнен 518 мың гектарға көп. Оның ішінде 16,6 млн гектарға дәнді дақылдар егілсе, 13 млн гектар алқапқа бидай дәні себіледі. Шаруа қожалықтары картоп алқаптарының көлемін 15 мың гектарға арттырмақ. 16 мың гектардан астам алқапқа қант қызылшасын егу көзделген. Мамандар жалпы биылғы егістен жиналатын өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етеді, деп отыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.