Қостанай облысының экономикалық өсімі 6%-дан асты

2 669

Фото: 24.kzБылтыр Қостанай облысының экономикасы 2023 жылмен салыстырғанда 6%-дан астам өсімді көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы белгілеген межеден асып түстік. Жыл қорытындысына арналған есеп беру баяндамасында облыс әкімі Құмар Ақсақалов осылай деді. Экономиканың барлық саласында ілгерілеушілік бар. Әлеуметтік жағынан да атқарылған жұмыс ауқымды.

 Облыс әкімі: «Маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар», - деді. 

Металлургия, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп саласында 7 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған. Әлеуметтік салада да атқарылған жұмыс аз емес. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі: - Өткен жылы облыста 47 әлеуметтік нысан салынды. Жол және коммуналдық инфрақұрылым саласында үлкен жұмыс жүргізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 50 ауыл сапалы ауызсумен қамтылды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.