Шағын авиацияны дамытуға не кедергі – Үкімет басшысының жауабы

2 561

Фото: Азаматтық авиация комитетіПремьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының шағын авиацияны дамытуға қатысты сауалына жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бүгінде азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде жеңіл және өте жеңіл авиацияның 690 әуе кемесі бар. Оның 179-ы авиациялық-химиялық жұмыстарды, ал 126-сы халыққа медициналық көмек көрсету, санитарлық іс-шараларды жүргізу үшін ұшуларды орындау үшін жіберілген», - деді Үкімет басшысы жауабында.


Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, шағын авиацияның дамуына өңірлік әуежайларды жаңғырту іс-шараларына қаражаттың көп қажет етілуі негізгі тежеуші фактор болып тұр.


«Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Оның аясында 2030 жылға дейін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту көзделген. Айталық, бүгінде Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалалары әуежайларын салу және жаңғыртудың нысаналығын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Олжас Бектенов.