Жиһаз цехының жұмысшысы төрт саусағын дискілі ара кесіп тастады

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚайғылы оқиға 11 қараша күні таңертең Петропавлдағы жиһаз өндірісінде болды. Дискілі арамен жұмыс істеп жатқан кезде 30 жастағы ер адам оң қолының төрт саусағынан айырылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Төтенше оқиға «Мебельер» ЖК-де болған. Ер адам жұмсақ жиһазға арналған қаңқа жасап жатқан. Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.

«Науқас көпбейінді қалалық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, ес-түсі анық. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр», — деп түсіндірді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өндірістегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.