Мас күйінде көлік айдаған мектеп директоры сөгіспен құтылды

1 630

Фото: istockphotoТеректі аудандық сотында Магистраль орта мектебінің директоры Г. Оразоваға қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот қаулысынан мәлім болғанындай, биылғы 4 желтоқсанда сағат 18.50 шамасында Құмақсай ауылында Г. Оразова Hyundai Elantra автокөлігін масаң күйде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, қымыз ішкенін, одан алкогольдік масаю болатынын білмегенін алға тартты. Медициналық куәландыру қорытындысы жеңіл күйдегі масаң күйді көрсеткен. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін білдірді.

Сот қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес Г. Оразова жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Оның кәмелетке толмаған жас балалары бар екендігі ескеріліп, әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмады. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі аталмыш мектеп директорына сөгіс жарияланғанын жеткізді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.