«Қызылорда облысында шенеунік парамен ұсталды»

1 064
Бізге жеткен ақпараттарға сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын «жемқорлық жасады» деген күдікпен ұстаған- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл тамыздың 12-сі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы парамен ұсталғанын мәлім еткен еді.


Қазіргі таңда Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретінде Жақсылық Әбдімәлікұлы Оспановтың аты-жөні берілген.


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың бес орынбасары бар. Олардың арасында Серік Әбжәліұлы Ахмет облыстың ішкі саясатына, жастар мәселесіне, мәдениет пен спорт салаларына жетекшілік жасайды.
Егер Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ұсталғаны расталса , бір айдан астам уақыт ішінде Серік Әбжәліұлының қарамағындағы екі бірдей басқарманың басшысы парамен ұсталған болып тұр.
Сот шешімімен шенеуніктерді кінәлі деп таныса, облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет отставкаға кете ме?
Алайда құпия оқырманның айтуынша, Гүлшара Әбдіхалықова сенімді Серігін жанынан жібермек емес. Оған себеп бар.


Гүлшара Әбдіхалықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған жылдары (2009-2012) Серік Әбжәліұлы вице-министр болды.


Г.Әбдіқалықова Президенттің кеңесшісі болған кезде (2012-2013) С.Ахмет Президент әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.


Одан кейін Г.Әбдіқалықова Үкімет басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы болған уақытта (2013-2019) С.Ахметте сонда болды.


2020 жылы 28 наурызда Президент Қ.Тоқаев Г.Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындап еді, алты күннен кейін – 3 сәуірде С.Ахмет Қызылордаға облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірше бұл жағдайға 
қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.