Қазақстанда автокөліктер бір күнде 2 миллион теңгеге қымбаттады

355
Қазақстанда теңге курсының құлдырауына байланысты автокөліктер қымбаттап жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, Жапонияның Toyota Camry көлігінің бағасы бір күнде 2 миллион теңгеге өскен. Қазір оның айтулы маркалары 17 810 000 – 18  860 000 теңге тұрады. Орташа көліктері 15 360 000 теңге мен 17 600 000 теңге аралығында бағаланып отыр.

Сол сияқты, Hyundai Accent-тің бағасы да көтерілді. Ол 6 390 000 – 7 490 000 теңгеге сатылады. Hyundai Santa Fe 14 090 000 – 17 490 000 теңгеге, Hyundai Elantra-ның бағасы 8 390 000 – 12 190 000 теңгеге жеткен.

Kia K5 автокөлігі 10 490 000 теңгеге өскен. Ресейден шығатын темір тұлпарлардың бағасы да шарықтап тұр. LADA Vesta SE 10 337 000 теңгеге сатылса, осыдан 2 жыл бұрын 5 миллион теңге болған Largus-тың бағасы 2 есеге көтерілген. Largus VAN 8 163 000 теңгеге, ал Largus Cross 9 701 000 теңгеге сатылып жатыр.