"Ұят": Солтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасыға сыйлық жасаған шенділер сынға қалды
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға теледидар мен оны қоюға арналған аласа шкафты сыйға берген. Алайда мұндай сыйлық желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі жазбада Явленка ауылында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға көмек көрсетілгені туралы айтылған.
Жазбаға қатысты Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да пікір білдірді.
Желі қолданушыларының жазбаның астында пікір қалдырып, шенділердің әрекетін сынға алды.
"Мұндай теледидарды қайдан алған? "Поле чудес бағдарламасының қоймасынан ба?", "Сұмдық! Есеп үшін фотоға түсіруді ұмытпапты", "Мұндай теледидар 3 000 теңге тұрады", "Ұят", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.