Талдықорғанда мониторингтік топ мүшелері ұсталды

296
Алматы облысында мониторингтік топ мүшелері ұсталды. Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді. 

Ведомство мәліметінше, бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, "COVID-19" коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.


 Агенттік, жоғарыда аталған пара сомасын берген 5 мейрамхана әкімшісі де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 


Қазіргі уақытта лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалған және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.


 Тергеу жалғасып жатыр. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайтынын жеткізді. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.