Алматыда ер адам 5 жасар қызының көзінше әйелін пышақтаған

160

Алматыда ер адам 5 жасар қызының көзінше әйелін пышақтаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Ирина есімді әйел желідегі парақшасында биыл 21-мамырда Алматы қаласында орын алған қанды оқиғаны баяндаған. Жазбаға қарағанда күйеуі түн ішінде тұншықтырып, бірнеше жерден пышақ салған. Қансыраған әйелге жедел жәрдем шақырып, өзі пәтерден ізін суытқан.

Ауруханаға дереу жеткізілген әйелге ота жасалып, аман қалды. Оның айтуынша анасы күйеу баласын қылмыстық жазадан құтқару үшін несие алып, адвокат жалдаған. Тіпті полицейлер күдіктіні үйіне іздеп келгенде көрші учаскеге жасырған.

«Қазір күйеуіммен соттасып жатырмын. Оны анамның адвокаты қорғауда. Ал маған екі жарым аптада бір рет ғана ауруханаға тамақ әкеліп берген болатын», - деді ол.

Сонымен қатар ол күдікті адам өлтіруге оқталғанымен, денеге ауыр жарақат салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Алматы қалалық ПД аталған қанды оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Күдікті - 1993 жылы туған В.есімді азамат дереу ұсталды және ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабымен сараланған. 2022 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына жіберілді», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.