Анасы 2 баласын тұншықтырып өлтірген
Аса ауыр баппен айыпталған 29 жастағы азаматшаға ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмысты жасады деп айып тағылған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ел естімеген қылмыс 2025 жылдың 23 наурызында болған. Өкініштісі, әйел бұған дейін де балаларын өлтіруге әрекет жасаған. Мұны сотқа жәбірленуші болып келген әйелдің жолдасы, балалардың әкесі айтып берген.
Мемлекеттік айыпталушы күдіктіге қатысты айыптау мәнін баяндады.
"Өз балаларын өлтірді" делінген әйел 1996 жылы Байғанин ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Атырау облысының Сағыз ауылына тұрмысқа шыққан, сол жақта жолдасымен, балаларымен бірге тұрған. Әйел осы күні Алматы облысы, Талғар ауданындағы психикалық емдеу орталығына ем алуда. Сондықтан сотқа қатыспаған.
Басты сот талқылауы 10 маусымға тағайындалды.







