Үш жасар баланың көзінше әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

1 513

Фото; PinterestАтырауда 42 жастағы әйелдің өліміне қатысты азаматтық некедегі жұбайы ұсталды. Бейресми дерек оқиғаның мән-жайын тіпті ауырлата түседі.Атырау облысында 42 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бейресми мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға үш жасар баланың көз алдында болған. Сондай-ақ күдікті оқиға орнынан кетіп қалып, бүлдіршін анасын жанында бір тәулікке жуық уақыт өткізгені айтылған.

Атырау облысы Полиция департаменті әйелді тұрмыстық жанжал кезінде өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Әйелді тұрмыстық жанжал барысында өлтірді деген күдікпен оның азаматтық некедегі 37 жастағы жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.