Алпысқа жуық колледж студентін алдап жиынға апарып, әскерге алып кетпек болған

133

Таразда колледж студенттерін оқу орнынан әскерге алып кетпек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.



Ашулы ата-аналардың айтуынша, балаларын оқу орнына емтиханға дайындықты желеу етіп жиналысқа шақырған. Алайда алдап, автобусқа тиеп алып кетіпті. Полицейлермен із кескен ата-ана ұрланған ұлдарын қорғаныс істер департаментінен тапқан.      


“Бұл балаларды желкесінен ұстап, сүйреп әкетіп бара жатыр. Ата-аналар осыған қарсы. Бұлар біріншіден баланы ұрлап әкетіп отыр. Әшейін емес, ұрлап алдап әкетіп отыр. Ата-анасына еш ескертпеген”, – дейді ата-аналардың бірі Сейіт Нұраханұлы. 


Ата-аналар балаларды оқу орнынан әскерге әкету туралы бұйрықты кім бергенін білгісі келеді. Көктемгі, күздегі төрт айлық әскерге шақырту маусымына Жамбыл облысынан жылына 3 мың азамат баруы тиіс. Бұл жоспарды толтыру үшін жергілікті әкімдік пен әскерилер осындай жаңашылдықты енгізіпті. Бірақ шикі тұсы көп болып, кеше әкелінген балалар медициналық тексерістен соң бәрі түгел үйіне жіберілген.  


“Балалар медициналық комиссиядан өтті. Балаларды кім алып келгені туралы сұраққа жауап бермеймін. Қайталап айтамын медициналық комиссиядан өткізіп қайтардық”, – деді Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Маханов. 


Дей тұрғанмен қорғаныс департаментіне жеткізілген оқушылардың арасында ерікті әскерге баруға ниеттілері де табылған.  


Әскерге барам деген студенттер қолдарына әскерге шақырту қағазын алып кетті. Соңғы емтихандарын ерте тапсыруға департамент басшылары оқу орнына өтініш жібереді екен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.