Жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

1 525

Фото:© Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіАқтөбеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі, жеңіл көлікке соқтығысып аударылып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы таңертең Сәңкібай батыр даңғылында болған. Жедел жәрдем көлігі мен Toyota маркалы автокөлік соқтығысып, соның салдарынан жедел жәрдем көлігі бір қырына аударылған. Апат кезінде жедел жәрдем көлігінде болған науқас дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

-Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған науқас медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және арнайы жарық-дыбыс белгілері қосылған көліктерге жол беруге шақырады,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат кезінде көлікте жүкті әйел болған. Оны жүктіліктің 39-аптасында перзентханаға жеткізіп бара жатқан. Қазір оған қажетті медициналық тексерулер жүргізілуде.Фото:© Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

-Жедел жәрдем көлігінің ішінде жүкті келіншек болды. Оны жүктілігінің 39-аптасында перзентханаға әкеле жатқан. Келіншек жол-көлік апаты кезінде жабық бас-ми жарақатын алды, миы шайқалды. Ол Ақтөбе медициналық орталығына жеткізіліп, қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдайын дәрігерлер бақылауға алды. Ал жедел жәрдем бригадасы қызметкерлерінің жағдайы қалыпты. Олар жарақаттанбады,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.