Банк картасын үшінші тұлғаға беру енді қылмыстық жазаға әкеп соғады
Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ІІМ-нің ресми медиапорталының жазуынша, Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді.
ІІМ-нің мәліметінше, алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.
ІІМ еске салады:
- ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
- күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.







