«СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫҢ ЕРІК-ЖІГЕРІ ЖЕТПЕЙ ЖҮР МЕ?»

809
Гүлшара Әбдіқалықова орынбасарының мәселесін бір ай ішінде қараймын десе де әлі күнге қарекетсіз отыр - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының жолдауы аясында елдің дамуына байланысты өткен брифингте көп нәрсетінің басы қозғалған болатын. Қос бірдей басқарманың басшылары жемқорлық бабымен істі болып, ол салаларға жетекшілік ететін әкім орынбасарының өз еркімен отставкаға кетуі жөнінде өтініш бергендігін дүйім жұрттың алдында паш еткен болатын. 

Десе де, әкім Гүлшара Әбдіқалықованың дәл сол салаларға жауапты орынбасары Серік Әбжәліұлының әлі қызметте жүргендігі баршаға мәлім.  Өткен жылы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мирамгүл Әбуованы  пара алғаны үшін сот кінәлі деп танылып, айыппұлмен құтылған болатын. Ізін суытпай Серік Ахметтің тікелей  басқаратын спорт басқармасы басшысының да жемқорлық бабымен істі болғаны хабарланған болатын.  Алайда бұл жөнінде бұрынғы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махан өзінің Facebook парақшасында: 

«Гүлшара Әбдіхалықова орынбасары Серік Ахметті қызметінен босату туралы құқық қорғау органдарының ұсынысын ескерусіз қалдыруы сыбайластықтың көрінісі емес пе? Мемлекет басшысы көтерген сыбайлас - жемқорлықпен күресуге Әбдіхалықованың ерік-жігері жетпей, сыбайлас-жемқорлыққа одан әрі жол беретін бапқа сүйенгені белгілі. Бұлар сонда сыбайлас па? Сырлас па? Білмеймін. Әйтеуір әділдік емес. Президетіміз айтқандай әділдік болмаған жерде жемқорлық сыбайласып кетеді екен. Қарамағындағы адамдар (бірнеше рет қатарынан)  жемқорлықпен айыпталса ондайларға кешірім болмау керек. ", -деп жазды.

Сонымен қатар,  экс-басшының  дәл осы мәселе қазір шешімін таппаса, Әбдіхалықованың заңсыз әрекеттері өрши береді. Серік Ахметтің қамқоршысы болғаны үшін жалғанды жалпағынан баспауы керектігін Мемлекет басшының назарына жетіп,  құқық қорғау органдары табандылық танытуы керектігінде жазды. 

Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ