Жол үстінде жаппай төбелес орын алды.
1 508
Шымкентте көшеде болған төбелес қоғамдық резонанс тудырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде бір топ жастың жол үстінде жанжал шығарып, төбелес ұйымдастырғаны бейнеленген видео тараған.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы жедел түрде анықталып, ұсталды. Жол үстіндегі жанжал ашық төбелеске ұласып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі өрескел бұзылды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.







