Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңге берілмек

174

Жеңіс күніне орай 237 ардагерге 1,5 млн теңгедей қаражат беріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, мұндай шешімді өңірлердің әкімдіктері қабылдады.


9 мамырға орай ардагерлерге барлық облыста тиісті материалдық көмек беріледі. Негізі берілетін ақша барлық өңірде бірдей, дегенмен кей жерде көбірек боулы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша 1,5 миллион теңгеден кем берілмейді, – деді Тамара Дүйсенова.


Айта кетейік, елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 237 ардагер қалды. 2022 жылы олардың саны 387 адам еді. Былтыр оларға 1 миллион теңге берілгенін де еске сала кетейік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.