Қамаудан құтылмақ болған әйел жалған жүктілік анықтамасын ұсынған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын берген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Істі қарау барысында  әйел сотқа жүктілігі туралы медициналық анықтама ұсынған.

Осы анықтаманың негізінде сот оны әкімшілік қамаудан босатып, тек қосымша жаза ретінде 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған.

Алайда Ақтау қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында әйел ұсынған анықтаманың жалған екені анықталады.

Прокурордың наразылығы бойынша Маңғыстау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың жазасын өзгертіп, әйелге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Медициналық құжатты қолдан жасау және оны пайдалану фактілері бойынша медицина қызметкері мен құқық бұзушы әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратура көлікті мас күйінде айдағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.