Әйел асырап алған баласын өлтіріп, денесін үйінің бақшасына көміп тастаған
Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жантүршігерлік қылмыс Щучьеде осыдан 4 жыл бұрын болған. Бес жетім баланы қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ, оны осы күнге дейін ешкім білмеген.
Бұл қылмыс аяқастынан әшкере болған. Асыранды балалардың бірі жақында басы жарылып, миы шайқалып ауруханаға түскен. Асырап алған анасы дәрігерлерге байқамай, өлген баланың туу туралы куәлігін әкеліп берген. Ал науқас баланың таяқ жегені анықталған. Осыдан кейін полиция бұл отбасын терксере бастайды. Асырап алған екі жасар ұлы осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған. Оны ешкімге айтпай, бақшаға апарып көме салған. Ақыл есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес баланы қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған. Енді олар да заң алдында жауап береді.
Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамуға алынды. Күдіктінің 29 жастағы қызы да тергеліп жатыр.