Ел тұрғындары көшеде арқасына үтік басылған киіммен жүр

375

Ел тұрғындарының көпшілігі көшеде арқасына үтік басылған киіммен жүр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы журналист Аян Қалмұрат Facebook парақшасында жазды.

 «Үтік — билікке наразылық символы. Қаңтар оқиғасынан соң ұсталғандарды тергеу кезінде арқасын күйдіріп азаптады. Бала деп те аяған жоқ. 15-16 жастағы оқушы-студенттерге үтік басты. Бүгін желіде киімінің артын үтікпен күйдірген бірнеше адамды көрдім. Осылайша азапталғандарға қолдау ретінде үнсіз қарсылық басталыпты. #АзаптауғаҚарсымын деген хэштегпен тарап жатыр» - деп жазды журналист.

Сондай-ақ, журналист Белла Орынбетова да азаптауға қарсылығын білдірді.


- «Жылдар бойы бізді үтіктеп келді. Көнбейтін, қыр көрсеткендерді басып. Үтік басу бір адамды жазалау, азаптау емес. Ол бәрімізге батқан, бәріміз сезінген жан жарасы. Киімімдегі үтік ізі жай із емес. Бұл арқылы азаптауға қарсылығымды білдіремін. Азаптаушылар жазаланбайынша өзімнің де өзгенің де есіне сала бермек. #АзаптауғаҚарсымын» - деп жазды Белла Орынбетова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.