Шекара бұзған қашқын ресейліктер ұсталды

292

Фото: Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіРесей қашқындары шекараны заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.


Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген.

"Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.