“Әр намазда, Қадір түнінде, Оразада қыз болып оянуды тілейтін едім”. Трансгендер Амилай шындығын айтты

632


Амилай атымен танылған 21 жастағы трансвестит әлеуметтік желіде биылғы Рамазан айында ораза ұстағанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Caravan.kz порталына сілтеме жасап.




Әлеуметтік желіде ауыз бекіткен Амилайға оқырмандары толассыз хаттар мен сұрақтар жаудыртқан болатын.

Ораза ұстап қайтесің, сенікі қабыл болмайтын да шығар, қалай ойлайсың?

- Маған олай жазбай-ақ қойыңдаршы. Бұл жерде бастысы менің ниетім ғой. Ниеттендім, ораза ұстаймын, “қабыл болсын” деп айтсаңдаршы немесе үндемеңдерші. Ораза маған қабыл бола ма, болмай ма? оны сендер шешпейсіңдер ғой. Аллах шешеді ғой. Сол себепті үндемегендерің өздеріңе жақсы болады.

Істеп жүрген күнәларыңнан құтылу үшін Ораза ұстадың ба?

- Әрине, жасап жүрген күнәларымыз аз емес қой. Әркім өзі үшін жауап береді. Мысалы, мен бір кездері жезөкшелікпен айналыстым, жасырмаймын. Сол кезде ораза ұстай алмай қалдым. Ал биыл өз адал еңбегіммен ақша тауып жүрмін. Инстаграм, Тиктоктан ақша табамын, биыл сол үшін ауыз бекіттім. 
Оразаны өзім үшін ұстаймын ғой, сіздер үшін емес. Қабыл болсын, сіздерге де қабыл болсын!

Не мақсатпен ұстайсың сонда Оразаны?

- Күнәларымнан арылу үшін, денсаулығым үшін. Ата-анамның амандығын, бақытын тілеу үшін ұстадым. Менің әке-шешем де ораза ұстап жатыр, ол кісілер маған қабыл болсын, деп айтты.
Инстаграмнан Тик-токтан ақша тауып жүрмін десем олар сұрайды менен "Тиктокққа түсуге болама" деп. Мен ол жерде бәрібір шешініп түспеймін ғой. Шешінсем өзі-ақ олар блогтап тастайды ғой.

Аузың берік болып боқтап қойсаң ше?

- Боқтамауға тырысамын, боқтатпауға тырысыңдар. Маған жаман сөз жазбаңдаршы өтініш. Қандай жағдай болса да боқтамауға тырысамын. Ал сендер өздерің білесіңдер.

Бір кездері Амилай Намаз оқығандығын айтып қалды.

- Мен 15 жасымнан бастап намаз оқыған адаммын. Үш жыл бойы оқыдым 18 жасыма дейін. Әрбір намаз оқып болған соң тілейтін тілегімде: “Аллахым қыз болып оянайыншы”, дейтін едім. Жан дүниеммен қалайтын едім. Ораза ұстаған сайын, Қадір түнінде Қадыр атаға қыз болсам екен?-деп тілек тілейтін едім.
Сол себепті ешкімнің өміріне араласпаңыздар, ұнамаса жәй ғана қарамаңыз болды. Өздеріңіздің өмірлеріңізді реттеп алыңыздар, басқаларды зерттемей.