"Менингиті болса да әскерге жіберді": Аягөзде сарбаз қаза тапты
Абай облысының Аягөз әскери бөлімінде Саламат Сәбитов есімді 18 жастағы мерзімдегі сарбаз көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Туыстарының айтуынша, оны әскерилер ауруы туралы анықтамасына қарамастан әскерге алып кеткен
Жігіт наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған. Ол әскерде үш апта ғана болып, тіпті ант қабылдап та үлгермеген. Марқұмның туыстары Саламаттың денсаулығында назар аударарлық мәселелер болғанын айтады.
Қазір қаза тапқан сарбаздың ата-анасы Аягөзде. Өлімнің алдын-ала себебі – менингитке байланысты мидағы іріңнің қабынуы.
Қорғаныс министрлігі Саламат Сабитовтың көз жұмғанын растады және кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Дереккөздерде Саламат Сәбитовты әскерге жіберген Солтүстік Қазақстан облысының әскерге шақыру комиссиясында ішкі тексеру басталғаны айтылған.







